Uncategorized

Көңіл айту

Aleksandr Ruderman

21 желтоқсан күні Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, доктор Александр Рудерман жүрек талмасынан көз жұмғаны туралы қайғымен хабарлаймыз.

Александр Рудерман Назарбаев Университетіне қауымдастырылғын профессор ретінде 2013 жылы қосылған. Ол Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының негізін қалаушылардың бірі болды және «Энергетика» мамандығының дамуына елеулі үлес қосты. Профессор Рудерман электр электроникасының ғылыми-зерттеу зертханасын құрды және басқарды, онда ол көп деңгейлі кернеу/ток түрлендіргіштері мен энергия жүйелеріндегі табиғи тепе-теңдік механизмдері бойынша зерттеулер жүргізді. Ол жетекші халықаралық журналдар мен конференциялардың 50-ден астам жарияланымдарының тең авторы болды.

Доктор Рудерман біздің көпшілігіміз үшін жақсы досымыз еді, ол әрқашан басқалардың қиындығына жанашыр, сезімтал және бей-жай қарамайтын адам болды. Оның НУ-ға деген адалдығы шынайы болды және жеті жыл бойы ол студенттеріне толықтай көмектесті және қолдау көрсетті. Біздің мұңымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Біз доктор Рудерманның отбасына, достарына, туыстарына, әріптестері мен студенттеріне шын жүректен көңіл айтамыз.