Студенттер

НУ ИЦҒМ тек оқуға ғана емес, сонымен қатар студенттердің көңіл көтеруіне, қуанышты жағдайлары мен шығармашылығына да көңіл бөледі. Мәдени, спорттық іс-шаралар, белсенді демалыс, олимпиадалар, отбасы іс-шаралары өткізіледі. Назарбаев Университетінде шамамен 80 студенттік клуб бар. Оларға қосылып, уақытты көңілді өткізуге, студенттік қоғамдастықтың мүшесі болуға және жаңа достар табуға болады. Клубтардың тақырыбы – саясат және дебаттар, комедия, музыкалық театр және оларға қатысты шаралардың барлығы. Спортпен, волонтерлық іспен айналысуға, тілдерді оқып, шешендік сөз шеберлігін меңгеруге және т.б. мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар бізде мектептердің мамандануына бейімделген қоғамдастықтар бар.

IEEE – бүкіл әлем бойынша 420 000-нан астам мүшелері бар, әлемдегі ең ірі техникалық қоғам. IEEE-дің негізгі мақсаты – технологиялық инновациялық қызмет пен жоғары деңгейдегі сапаны адамзаттың игілігіне бағыттау. 2017 жылғы 24 маусымда Қазақстандағы IEEE бөлімшесін IEEE MGA басқармасы ресми түрде бекітті. Бұл Қазақстан үшін бекітілген жалғыз ғана бөлімше. Назарбаев Университетіндегі IEEE – бұл зерттеу және өнеркәсіптік мүмкіндіктер тудыратын, студенттердің электротехника саласындағы жұмыс тәжірибесін қамтамасыз ететін студенттік филиал. НУ-дағы IEEE филиалы туралы нақты ақпарат алу үшін  Instagram, facebook және telegram-ды қараңыз.
Мұнайшы-инженерлер қоғамы мұнайды барлау мен өндірудің дүниежүзілік форумын өткізуді көздейді. 141-ден астам елде 110 000-нан көп мүшелері бар. НУ мұнайшы-инженерлер қоғамының пайымы – өзінің мүшелеріне өмір бойы мұнай-газ саласындағы ең жоғары сапалы білім беретін, оларды жеке және кәсіби үздіксіз дамуына ынталатындыратын қоғам болу. Студенттер бөлімшесі техникалық дәрістер, өнеркәсіптік семинарлар, зияткерлік байқаулар, ішкі және халықаралық конференциялар, кәсіптік бағдарлау бағдарламалары мен іс-шараларды ұйымдастырады.  >>>See more details here

 Инжиниринг және технологиялар институты студенттердің академиялық және кәсіби дағдыларын дамытуға және күшейтуге көмектесуге ерекше ден қояды. Студенттер бөлімі НУ студенттер қоғамдастығы мен Инжиниринг және технологиялар институтының дүниежүзілік кәсіби инженерлер қауымдастығының арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Инжиниринг және технологиялар институты – бұл әлем бойынша ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жәрдемдесу үшін білімді тарататын және ілгерілететін, жетекші әлемдік кәсіби ұйым.

 

Инженермеханиктер институты неғұрлым тез дамып келе жатқан инженерлік институттардың бірі болып табылады. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан, алайда институттың филиалдары бүкіл дүниежүзінде бар. Институттың мүшелері 140-тан астам елдерден қатысқан, ең маңызды және дамыған салаларда жұмыс істейтін 100 000-нан артық мамандар болып табылады. Бұл ұйым  тек инженерия мектебінің студенттерін ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндердің студенттерін біріктіреді. Бөлімнің негізгі мақсаты – нақты жобаларды, мысалы, Smart Moto-ны іске асыру арқылы өзінің мүшелерін болашақта жеке және мансаптық дамуына қажетті практикалық дағдылармен қамтамасыз ету.

 

 

Инженер-құрылысшылар институтының студенттер бөлімшесі – бұл бүкіл әлемде азаматтық құрылыс ісін алға жылжытатын, халықаралық қоғамдық ұйым. ICE – мамандандырылған орган, сараптамалық білімдермен алмасу орталығы, сондай-ақ жаңашылдықты және бүкіл әлем бойынша кәсіптік жетілдіруді қолдайтын ресурстар көзі. Осы студенттер бөлімшесі инженер-құрылысшылар институтының студенттер бөлімшесімен байланыстырушы буын болып саналады және білімді жетік меңгерген студент-инженерлер қоғамын қолдау және олардың академиялық, әлеуметтік және кәсіби дамуына жәрдемдесу үшін НУ-да азаматтық құрылыс саласындағы студент-инженерлердің қоғамын құруға бағытталған.
 Америкалық инженер-химиктердің институты – әлемдегі химиялық инженерия саласы мамандарының, 100-ден астам елден қатысатын 50 000-нан артық мүшелері бар, жетекші ұйым. Американың инженер-химиктер институтының салаға қатысы жоқ, қажетті әртүрлі ресурстар мен тәжірибесі, негізгі өнеркәсіп салалары немесе трансляциялық медицина тәрізді жаңа салалары бар. Visit chapter’s website.

2021 © School of Engineering and Digital Sciences