Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

«Индустрия 4.0: Қазақстандық кәсіпорындарына арналған жол картасын әзірлеу» ғылыми жобасы

Білім саласы:

  • Индустрия 4.0
  • Индустрия 4.0 дайындығын бағалау
  • Индустрия 4.0 Қазақстанда
  • Жетілу модельдері
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің дайындығын бағалау
  • Индустрия 4.0-ны шағын және орта кәсіпкерлікке енгізу

Жоба жайлы

«Индустрия 4.0: Қазақстандық кәсіпорындарына жол картасын әзірлеу» – бұл Назарбаев Университеті қаржыландыратын ғылыми жоба. Оған Қазақстандағы компаниялардың өсуіне әсер ететін драйверлерді, кедергілерді және басқа факторларды мұқият талдау кіреді және барлық салалардағы компаниялардың өкілдерімен жұмыс жасауды көздейді. Нәтижесінде жоба Индустрия 4.0-ге қазақстандық кәсіпорындар дайындығын бағалау моделін және Қазақстанның индустриялық дамуын ынталандыру жол картасы шеңберінде оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Біздің жобаның мақсаты:

  • Дербестендірілген әдіснаманы және дайындықты бағалау моделін қолдана отырып, қазақстандық кәсіпорындарға кешенді талдау жүргізу;
  • Ресурстарды, процестерді және цифрландыру жобаларын пайдалану арқылы компаниялардың өнімділігін қалай жоғарылатуға болатындығын білу;
  • Ғылыми зерттеулерге, білімдер мен тұжырымдарға негізделген сараптамалық жүйе құру, олар онлайн-дайындық жүйесіне енгізіліп, нақты ұсыныстар, есептер шығару және цифрландыру бойынша жол карталарын әзірлеуге дайындау.

Жобаның веб-сайты: http://kazind40.tilda.ws/

Жоба командасы: барлық топ мүшелері, Айжан Ахметбек – жоба әкімшісі

Industry 4 0 team KAZ 1

Industry 4 0 team KAZ 2

 

2021 © School of Engineering and Digital Sciences