Оқытушылар мен зерттеу жұмыстары

EREC инновациялық технологиялар мен саясатты, енгізілетін озық әдістер мен шешімдерді әзірлейді. Біз білімнің бірнеше бағыттарынан идеяларды аламыз. Сондықтан біздің біртұтас тәсіліміз қоршаған орта, адамзат қоғамы, табиғи ресурстар және тұрақты даму арасындағы жаңа шекараларды зерттеуге мүмкіндік береді. Біздің философия материалдық және материалдық емес ғылымдар арасындағы әдеттегі бөлініс аясынан тыс, себебі инженерлер гуманитарлық және көркем өнер ғылымдарынан арнайы білім алуы мүмкін. Біздің кластер адамдар үшін инновацияларды көбейтуге, қоғамның ақпараттану деңгейін және азаматтардың тартылуын арттыруға ұмтылады. Біздің негізгі қағидаттарымыз, кластердің құрылымы мен команданың құрамы осы өршіл мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Директор: В. Инглезакис

Назарбаев Университетінде қауіпсіздікті және тәуекелдерді басқару тобы (SREG) Қазақстанның оқу орындарында және мұнай-газ өнеркәсібінде қауіпсіздікті және тәуекелдерді басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 2017 жылы құрылған болатын. Топтың назарындағы басты мәселе – қолайсыз жағдайларда мұнай-газ, сондай-ақ тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі қауіпсіздік. Топ неғұрлым қауіпсіз және зияткерлік технологиялық жүйелерді әзірлеу үшін деректерді талдау жұмысы кезінде жасанды интеллект әдістерін қолданады.

Пайымы

Нақты, қауіпсіз, тиімді және зияткерлік технологиялық жүйелерді құру.

Миссиясы

Жаңа білімді, тиімді әдістер мен тәсілдерді дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және зияткерлік технологиялық процестерге арналған білім беруді және оқытуды қамтамасыз ету.

  • Процестің қауіпсіздігін бағалау үшін жасанды нейронды желілерді қолдану (Махамбет Сарбаев, магистратура студенті)
  • Технологиялық жүйелердің тұрақтылығын динамикалық сандық бағалау (Алтынгүл Зинетуллина, магистратура студенті)
  • Тәуекел факторларын ескере отырып, мұнай мен газды өндіру кезінде пластикадағы суды пайдалану (Алмат Кабыл, магистратура студенті)
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі қауіпті заттардың тәуекелдерін басқару (Гүлдана Жігербаева, магистратура студенті)
  • Тәуекелдерді есепке алуға негізделген, жерасты мұнай құбырларын тексеру мерзімділігін оңтайландыру тәсілі (Рүстем Әбубәкіров, бакалавриат студенті)

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі қолданбалы механиканы зерттеу тобы – есептеу механикасы мен автоматты реттеу теориясынан бастап механикалық жүйелер мен БЛА ауытқуларына дейін қызығушылығы әртүрлі ғылыми-зерттеу іс-шараларын жүргізетін, қайта құрылған зерттеу тобы. Топтың мүшелері бірқатар зерттеу жобаларына жетекшілік етеді және/немесе қатысады, ал топ студент-аспиранттарды даярлауға көмектесу мақсатында семинарларды ұсынады

Экологиялық ғылым мен технологиялар – ауаға, суға, топыраққа, қоқысқа, ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді қамтитын, пәнаралық және көп пәнді сала. Алайда, ЭҒТ қоршаған ортамен байланысты мәселелермен ғана шектелмейді, себебі оның негізгі мақсаттары озық кеуекті материалдармен және оларды экологиялық және биомедициналық шешімдерде қолданумен байланысты. ЭҒТ сапалы зерттеу жүргізуге, инженерлік шешімдер мен оқытуға байланысты халықаралық желіске ие.

Директорлар: В. Инглезакис, С. Поулопоулос

Назарбаев Университетінің Ғылыми күштік электроника зертханасы (PERL) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент-түлектеріне, сондай-ақ «National Laboratory Astana» мүшелеріне арналған. PERL-дің ғылыми зерттеу салалары:

– кернеу мен токты көп деңгейлік бағалау;

– сатыны модуляциялау үшін кернеу мен токтың оңтайлы сапасы (қадам);

– SHE мен Minimal THD тәсілдерін біріктіру;

– конденсаттардың кернеуін әртүрлі көп деңгейлік кернеуді түрлендіргіштермен табиғи теңгеру;

– көп фазалы симметриялық коммутациямен және бірнеше тәсілдермен реконфигурацияланатын конденсаторлық түрлендіргіштер;

– электр машиналарының темір жүрекшелеріндегі ендік-импулстық модуляциялау режиміндегі индуктивтік шығындар.

Нейроморфты бағдарламалық қамтамасыз ету және жасанды интеллект.

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі зерттеу тобы төмендегі зерттеу салаларында мамандандырады, сондай-ақ біз осы салалардағы жаңа қызметкерлерді шақырамыз:

  • биотехнологиялық есептеулер;
  • нейроморфты СБИС;
  • сенсорлы сигналдарды өңдеу;
  • қосымшалар.

Смарт жүйелерді зерттеу тобы. Бұл Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі басқарудың заманауи әдістерін, сенсорлық өңдеуді, электроника, байланыс, қоректену жүйелерін және жобалары бар математиканы зерделейтін, ақылды үйлермен, ақылды желілермен, ақылды қалалармен, ақылды көлікпен, ақылды зондтаумен, SCADA жүйелерімен және т.б. байланысты салаларға ден қоятын, пәнаралық және кроссплатформалық зерттеу тобы. Біздің топта профессорлар, аспиранттар мен дипломдық жобалары бар студенттер бар. Біз қазақстандық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты қолдаймыз.

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі жанындағы энергия жинақтаудың озық жүйелерін және функционалдық наноматериалды зерттеу тобы – бұл инновациялық материалдар, сондай-ақ энергияны, катализді сақтау және түрлендіру материалдарына, мезокеуекті құрылымдарға және адсорбенттерге, фотоэлектрлік, экологиялық (суды және топырақты тазарту) және биомедициналық қолдануға аса көңіл бөле отырып, инновациялық материалдар, осындай материалдарды жасаудың жаңа әдістерін әзірлеуге мамандандырылатын халықаралық зерттеу тобы.

Қазақстандық көмір электр станцияларында қазандық құбырларын бағалау үшін  электромагниттік-акустикалық технологияны әзірлеу. Зерттеу жобасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.

 

LaMEC – бұл инженерлік құрылымдардың мониторингі зертханасы, негізінен көпірлер, бөгеттер және су қоймасы тәрізді жер бетіндегі және жер астындағы су ресурстарымен байланысты инженерлік құрылымдардың инженерлік мониторингі  бойынша қызмет көрсететін, көп бейінді зерттеу ұйымы. Қызметтер Қазақстан мен Орталық Азиядағы (Ауғаныстан және Пәкістанды қоса алғанда) төтенше жағдайлар мен апатты зілзала салдарын жоюға байланысты ұйымдарға, инжинирингтік компанияларға (Қазақстан мен Орталық Азияда жұмыс істейтін Қытай компанияларын қоса алғанда)  ұсынылады.

Жаһандық экологиялық геобиохимиялық зерттеу тобы. Зерттеу тобы жаһандық экологиялық және энергетикалық проблемаларды шешу үшін оңтайлы ғылыми және инженерлік тәсілдерді ұсынады. Зерттеу салалары:

  • экологиялық және энергетикалық катализаторлар;
  • көміртегін алу, түрлендіру және секвестрациялау;
  • энергия өндіру арқылы суды және сарқынды суды тазартудың интеграцияланған жүйелерін әзірлеу;
  • LCA және оңтайландыру, тәуекелдерді бағалау үшін экологиялық жүйені модельдеу.

Биоинженерлер тобы.

Зерттеу тобының миссиясы: Болашақ персоналды медицина әзірлемелері.

Зерттеу бағыты және болашақ бағыттар 

  1. Инвазивті емес медициналық диагностика және емдеу үшін медициналық кескіндер негізінде жасалған виртуалды жүрек/жүрек-қан тамыры жүйесі;
  2. Адам миының жобасы;
  3. Сүт бездерінің ісіктерін анықтаудың және обырды болжаудың зияткерлік жүйесі;
  4. Кескіндеме негізінде жасалған, пациенттің тыныс алу жүйесінің биомеханикалық моделі;
  5. Бұлшық ет-скелет жүйелерін ірі масштабты/мультифизикалық модельдеу;
  6. Жеке протездік құрылғыларды, диагностикалау және дәрілерді жеткізу жүйесін әзірлеу және жасау;
  7. Биология жүйелері: Геном-Протеом-Физиом: пациентке қатысты интегративтік физиологиялық есептеулер;
  8. Пациенттің ағзалары мен тіндерінің 3D-баспасы;
  9. Микробиосенсорларды жобалау және гидродинамикалық оңтайландыру;
  10. Эйлер бойынша қанның бұзылуын қарапайым CFD модельдеуді пайдалана отырып, қанға малынатын медициналық құралдардың құрылымдарын оңтайландыру.
Industry 4.0 project logo 2

«Индустрия 4.0: Қазақстандық кәсіпорындарына жол картасын әзірлеу» - бұл Назарбаев Университеті қаржыландыратын ғылыми жоба. Оған Қазақстандағы компаниялардың өсуіне әсер ететін драйверлерді, кедергілерді және басқа факторларды мұқият талдау кіреді және барлық салалардағы компаниялардың өкілдерімен жұмыс жасауды көздейді. Нәтижесінде жоба Индустрия 4.0-ге қазақстандық кәсіпорындар дайындығын бағалау моделін және Қазақстанның индустриялық дамуын ынталандыру жол картасы шеңберінде оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Жобаның веб-сайты: http://kazind40.tilda.ws/

logo large
Автономды роботтарға арналған сенсорлық-моторлық оқыту және басқару

2021 © School of Engineering and Digital Sciences