Оқуға түсу

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Қазақстанда және Орта Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия, инженерлік менеджмент және компьютерлік ғылымдар саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. ИЦҒМ студенттер саны бойынша Назарбаев Университетінің ең үлкен мектебі болып табылады.

Докторантура бағдарламалары:

Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 12 желтоқсан, 2022 ж. - 28 ақпан, 2023 ж.
  • ҚР азаматтары үшін: 12 желтоқсан, 2022 ж. - 18 сәуір, 2023 ж.

Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.
  • ҚР азаматтары үшін: 3 мамыр 2023 ж.

    Бағдарлау аптасының басталу күні: тамыз 2023

    Оқудың басталуы: тамыз 2023

 Оқуға қабылдау талаптары

1. Бакалавр дәрежесі;
2. Магистр дәрежесі. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
3. Академиялық көрсеткіштер. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4,00-ден кем дегенде 2,75 болуы тиіс;
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
– үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде алған жағдайда;
– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
5. Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
6. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі

1. Толтырылған сауалнама нысаны;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
4. Бакалавр, магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
6. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
7. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (бар болған жағдайда);
8. Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
9. Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі ұсыным хат, екеуінің кем дегенде біреуі академиялық ұсыным болуы тиіс (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады);
10. Түйіндеме (1 беттен аспайтын);
11. Үміткердің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды ақпарат
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсыну үшін үміткерлерге келесі талаптарды орындау қажет:
    1) IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасын Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
    2) Сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің «UPLOAD IELTS/TOEFL RESULTS» бөлімінде жүктеу және IELTS сертификаты үшін TRF, TOEFL сертификаты үшін тіркелу нөмерін енгізу қажет.
    Конкурс үшін сертификаттың кез-келген санын ұсынуға болады, бірақ Жеке кабинетте соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
  • IELTS/TOEFL сертификаттары емтихан тапсырылған күннен бастап 2 жыл жарамды.
  • Бұрын “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік гранты есебінен философия докторы дәрежесін алған үміткерлер Назарбаев Университетінің докторантура бағдарламасына мемекеттік білім беру гранты есебінен оқуға қабылданбайды. Аталған үміткерлер тек ақылы немесе басқа гранттар есебінен оқуға қарастырылады.
  • Үміткер жоғарыда аталған құжаттарды (ұсыныс хаттардан басқа) онлайн тіркелудің соңғы мерзіміне дейін жеке кабинетіне жүктеуі тиіс. IELTS/TOEFL сертификатын онлайн тіркелудің соңғы мерзімінен кейін жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жай арқылы жіберуге болады.
  • Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттардың толық тізімін ұсыну бағдарламаға түсуге кепілдік бермейді.
  • Қабылдауға ұсынылған үміткерлер Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің сұрауына сәйкес аталған құжаттардың баспа көшірмелерін тапсыру тиіс.
  • Дипломды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткер тікелей сол білім мекемесіне ресми транскрипттерді көрсетілген мекен жайға жіберу туралы сауалды жөнелтуі тиіс: Нұр-Cұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті.
  • Стандартты тесттердің нәтижелері ресми тест әкімшісі арқылы тікелей Университетке жіберіледі.
  • Стардартты тест нәтижелерін жіберу үшін келесі Университет кодтары қолданылады
    GRE – 6496
    TOEFL – 6762
    GMAT – H6m-R7-93
    IELTS – Nazarbayev University

2021 © School of Engineering and Digital Sciences