Жаңалықтар

Жасанды интеллект, машиналық оқыту және компьютерлік ғылымдар бойынша тегін дәрістер

Issai Youtube channel

Жасанды интеллект, машиналық оқыту және компьютерлік ғылымдар бойынша тегін дәрістер
Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI NU) өз YouTube-арнасын бастады. Егер сіз жасанды интеллект және машиналық оқыту алгоритмдерін үйренгіңіз келсе, осы арнада машиналық оқыту, компьютерлік ғылымдар және басқа да тақырыптар бойынша тегін бейне-дәрістерді таба аласыз.
ISSAI ғалымдары бейне-дәрістерді өздері әзірлеп, YouTube арқылы барлықтарыңызбен білім беру ресурсы ретінде тегін бөліседі.

Қазіргі уақытта бейне-дәрістер ағылшын және қазақ тілдерінде қолжетімді.