Shoofti – әмбебап геолокациялық ақпараттық жүйенің жобасы

Shoofti әмбебап жүйесі әр түрлі ғимараттарды келушілер үшін интерактивті, ақпараттық кеңістікке айналдырады. Мұражай, бақша, кампус, қала орталығы немесе курорт болсын, Shoofti келушілерге арналған жеке ақпарат пен құралдарды жасауға көмектеседі.
Shoofti-ге айналған идея 2008 жылы пайда болды және көптеген прототиптер Назарбаев Университетін студенттік жоба ретінде жасалды. Жүйенің қазіргі нұсқасы НУ-да 2019 жылдың ақпанында басталған, орналасқан жерімен байланысы бар ортақ ақпарат жүйесі деп аталатын коммерцияландыру гранты жобасы аясында жасалып жатыр. Жобаның негізгі зерттеушісі – Мона Али Ризви, ИЦҒМ, Компьютер ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Shoofti контентті басқару жүйесінен және мобильді қосымшадан тұрады. Мазмұнды басқару жүйесі администраторларға әр түрлі типтегі пайдаланушыларға бейімделген мультимедиялық мазмұнды әр түрлі жолмен жасауға мүмкіндік береді.
Мобильді қосымша қолданушыларға қазіргі уақытта NFC және QR кодтары бар орындармен өзара әрекеттесу әдістерінің жиынтығын ұсынады, және Bluetooth маяктарын, кескінді тану мен кеңейтілген шындықты қамтуға оңай мұмкіндік бере алады.
Контентті басқару жүйесі мультимедиялық мазмұнды келушілер мен пайдаланушылардың бірнеше түріне бейімделген ақпарат пен құралдарды бере алатын жалпы иерархиялық құрылымда жасауға мүмкіндік береді.
Shoofti артықшылықтары:
- Мультимедиялық ақпарат – бизнестің орнының келушілері мен пайдаланушылары аудио, суреттер, видео, тіпті кеңейтілген шындық секілді мультимедиялық мазмұнға қол жеткізе алады.
- Жеке мазмұн – Әр түрлі келушілер үшін бірнеше тілдерді және әртүрлі тәжірибелерді қолданыңыз.
- Навигация – Shoofti пайдаланушыларды ішкі және сыртқы навигациялық құралдармен қамтамасыз етеді.
- Жаңалықтар мен оқиғалар – Пайдаланушыларға орынға қатысты соңғы жаңалықтар мен оқиғалар күнтізбесін береді.
Бүгінгі таңда қолданушылар Назарбаев Университін және Құланшы қазіргі заманғы өнер орталығын қосымшада көре алады.