Жаңалықтар

Назарбаев Университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ашық есік күні

SEDS VOHD 2021

Назарбаев Университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ашық есік күніне тіркелу ашылды!

2021 жылдың 13 қарашасында сағат 14:00 НУ ИЦҒМ талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін виртуалды ашық есік күнін өткізеді.

Қатысушылар академиялық бағдарламалар туралы ақпарат алуға, грантқа оқуға түсу бойынша сұрақтар қоюға және НУ ИЦҒМ-ның түлектерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Спикерлер табысқа жету жолындағы тәжірибелерімен бөліседі, инвестицияларды табу, командада тиімді жұмыс істеу және идеяны коммерциялық және/немесе әлеуметтік жобаға айналдыру жолдарымен бөліседі.

НУ ИЦҒМ-ның Ашық есік күнінің қонақтары НУ профессорларымен кездесіп, кеңес алуға, біздің зертханаларды виртуалды түрде көріп, жеңімпаздарға арналған түрлі сыйлықтар ойнатылатын ойынға қатысуға мүмкіндік алады.

Уақыт             Сипаттама
14:00 – 14:15  Мектеп деканының сәлемдесу сөзі
14:15 – 14:45 Мектеп туралы жалпы мағлұмат беретін презентация
14:45 – 16:00  Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің түлектерімен кездесу

  • Инкар Бахтенур, Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы инженерия бакалавры, IZ жобасының негізін қалаушы
  • Алдияр Семедьяров, Электротехника және электрондық инженерия саласындағы инженерия бакалавры, ETH Zurich магистратура студенті, Qoqys жобасының негізін қалаушы
  • Нуртай Белтенов, Инженерлік менеджмент магистрі
16:00 – 16:30 Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің бағдарламаларына түсу бойынша сұрақ-жауап сессиясы – грантты қалай алуға болады, талаптар, шарттар
16:30 – 18:45 Қатысушыларға арналған арнайы сыйлықтар ойнатылатын ойын
18:45 – 19:00  Ойынның нәтижесін хабарлау

 

Please register below: