Жаңалықтар

NU SEDS және ISSAI Азия университеттері альянсы жастар форумының қатысушылары үшін жасанды интеллект саласындағы зерттеулер бойынша бірлескен семинар өткізді

SEDS news 48

НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) өкілдерімен бірге Назарбаев Университетінде қазанның 24-і мен 28-і аралығында өткен Азия университеттері альянсы жастар форумына қатысушылар үшін екі сағаттық семинар өткізді.

«Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы» тақырыбындағы форум Токио университеті, Чулалонгкорн университеті (Таиланд), Үндістан технологиялық институты (Бомбей), Біріккен Араб Әмірліктері университеті (БАЭУ), Гонконг ғылым және технология университеті HKUST, Сеул ұлттық университеті, Малая университеті және Назарбаев университетінен 40-қа жуық студенттің басын қосты. Коломбо университетінің студенттері онлайн түрде қатысты.

Семинар бірнеше дәрістерден тұрды және жасанды интеллект (AI), AR/XR/VR, деректер ғылымы мен компьютерлік графикадағы зерттеулерге арналды.

НУ-нің бір топ ғалымдары өздерінің ғылыми жобаларын таныстырған шараға ISSAI техникалық үйлестірушісі Ербол Әбсаламов модераторлық етті.

yerbol

Осылайша, Компьютер ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, профессор Аднан Язычи өз дәрісінде сымсыз мультимедиялық сенсорлық желі қолданбаларындағы есептеу интеллекті туралы айтты.

adnan2

ISSAI-дің аға деректер зерттеушісі Асқат Күздеуов енгізілген деректер негізінде адамның бет-жүзін тану технологиясы туралы әңгімеледі. НУ профессоры Маттео Рубаготти адам мен робот арасындағы қауіпсіз физикалық әрекеттесу үшін нақты уақыттағы қозғалысты жоспарлау туралы айтты. ISSAI зерттеушісі Шахизат Нұрғалиевтің дәрісі нашар көретін және зағип жандарға арналған AI негізіндегі көрнекі көмекші жүйесіне арналды. НУ профессоры Бердах Әбибуллаев  ми-компьютер-машина интерфейстері үшін нейрондық сигналдарды декодтау туралы хабардар етті. Ол осы интерфейстің жұмысын түсіндіріп, Назарбаев Университетінде осы бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулерге тоқталды. Оның жобасы инсульттан аман қалған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инвазивті емес ми-машина интерфейстерін әзірлеуге  бағытталған.

image 01 11 22 01 27

Өз кезегінде зерттеуші Саида Мұсаходжаева «Қазақ тілі корпусы» жобасын ұсынды.  НУ профессоры Сиамак Фазли жаңа дәрі-дәрмекті жасап шығуда машиналық оқытудың маңызы туралы айтты.

image 01 11 22 01 16 2 1

Семинар Робототехника инженериясы кафедрасының меңгерушісі, ISSAI-дың  негізін қалаушы әрі директоры Хусейн Атакан Варолдың «Жасанды интеллект арқылы толықтырылған шындық негізінде адамның жадысын жақсарту» тақырыбындағы баяндамасымен аяқталды.

image 01 11 22 01 27 2

Семинар барысында Азия университеттері альянсына қатысушы университеттердің студенттері өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.

6fe15592 b2ed 4f22 b6a1 a6e458245664 1

Олар үшін викторина өткізілді, оның жеңімпаздары Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) естелік сыйлықтарымен марапатталды.