NU SEDS виртуалды ашық есік күндері
Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі сіздерді 15-25 ақпан аралығында өтетін Виртуалды ашық есік күндеріне қатысуға шақырады! Әр веб-сессия болашақ студенттерге инженерлік әлемге кіру жолында саналы шешім қабылдауға көмектесу үшін әр бағдарламаның ерекшеліктеріне бағытталған!
Тілі: ағылшын
Формат: ZOOM кездесу (сілтемелер тіркелген қатысушыларға жіберіледі)
Виртуалды ашық есік күндері ИЦҒМ-нің кафедраларында келесі тізім бойынша өтеді:
| Күні | Уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) |
Кафедрасы/бағдарламасы |
| 15 ақпан | 19:00-20:30 | Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы |
| 16 ақпан | 19:00-20:00 | Докторантура бағдарламалары туралы презентация |
| 17 ақпан | 19:00-20:30 | Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы |
| 18 ақпан | 19:00-20:30 | Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы |
| 22 ақпан | 19:00-20:30 | Робототехника кафедрасы |
| 23 ақпан | 19:00-20:30 | Компьютер ғылымдар кафедрасы |
| 24 ақпан | 19:00-20:30 | Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы |
| 25 ақпан | 19:00-20:00 | Инженерлік менеджмент магистрі бағдарлама туралы презентация |

