NU SEDS Қазақстан Республикасының азаматтары үшін магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі барлық магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін өтінімдерді қабылдаудың мерзімін Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ұзартты.
Онлайн өтінімдер 2023 ж. 28 сәуірге дейін қабылданады (23:59 Астана уақыты бойынша).
Онлайн өтінімді жіберу үшін:
- admissions.nu.edu.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетті ашу
2. Онлайн сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды енгізу
3. Тіркеу жарнасын төлеу
4. «Pay and submit application» батырмасын басу қажет.Толық грантта білім алу мүмкіндігін ұсынамыз!
Онлайн өтінімді толтыру бойынша сұрақтар бойынша admissions.seds@nu.edu.kz электрондық мекен-жайға хабарласа аласыз.