НУ ИЦҒМ-нан бес командасы әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын дамытуға қаржыландыру алды
Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының Jas Social Impact байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 1 қазанда өтті. Он екі команда әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін грантқа ие болды. Олардың 5 жобасын НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттер, түлектер немесе қызметкерлері құрды:
- iz жобасы (қазақша «із») этникалық қазақ жастарын қазақ қоғамына бейімделуге ынталандыру, әр аймақтан, түрлі мәдениеттен келген қазақ жастары арасында өзара түсіністік орнату. Жоба жетекшісі – Бақытнұр Іңкәр, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі
- In Qazaq (IQ) – мемлекеттік тілді танымал ету үшін интернетте қазақ тілінде пайдалы, қызықты контент ұсынатын жоба. Жоба жетекшісі – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 3 курс студенті Жарылғасын Бейбіт.
- Tiny Green, жоба жетекшісі – Балғабекова Зарема – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 4 курс студенті. Жобаның мақсаты-Нұр-Сұлтандағы зейнеткерлерді пандемиядан кейінгі кезеңде белсенді және әлеуметтік өмірге тарту, олардың денсаулығын жақсарту және оларға микро-көк шөп өсіру арқылы зейнеткерлікте қосымша табыс алу мүмкіндігін көрсету.
- Қолжетімді әрі сапалы білім – халықтың әлеуметтік осал санатындағы 12 балаға үздік қазақстандық жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмектесетін жоба. Жоба жетекшісі – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі Арнұр Гадылбеков.
- Speak Qazaq – 5-10 жастағы балаларға қазақ тілін үйрететін онлайн -платформа құру. Жоба жетекшісі – Ибраева Динара, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде бас менеджері.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңімпаздардың толық тізімін мына сілтеме арқылы алуға болады.