Жаңалықтар

НУ Ашық есік күні 2022: SEDS қонақтардың көзайымына айналды

SEDS news 47

Назарбаев Университеті 25 қыркүйек күні пандемиядан кейінгі бірінші Ашық есік күнін өткізді. Шараға 5500-ге жуық астаналық пен қала қонақтары қатысты. Олардың басым бөлігі университет тыныс-тіршілігімен алғаш танысқан жоғары сынып оқушылары  болды. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі бұл жолы америкалық инженер Генри Петроскидің «Ғылым – білім, ал инженерия – жасампаздық» деген қанатты сөзін ұстанып, университет атриумында өзінің инженерлік жетістіктерін паш етті.

VIP 3952

Болашақ студенттерге арналған бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім мектептің 6 кафедрасының жәрмеңкесіне арналды. Онда жұртшылық назарына профессорлармен қоса, «SEDS жұлдыздары» деген ұранмен студенттердің де жобалары ұсынылды.

NU 01 287

Алыстан мен мұндалаған сантүрлі құрылғылар көздің жауын алып,  SEDS күні бойы қонақтардың көзайымына айналды.

333

SEDS қонақтар назарына ұзын-ырғасы 30-дан астам бірегей құрылғыларды ұсынды.

VIP 4003

Олардың арасында гуманоид роботтар, K-SLARS қазақша ымдау тілін тану жүйесі, тактильді робот, өнеркәсіптік қауіпсіздікке арналған қосымша шындық көзілдірігі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электрлі арба ерекше қызығушылық тудырды.

VIP 3966 1

Медициналық мақсаттағы экзоскелет, электромобильді динамикалық сымсыз зарядтау жүйесі және энергия өндіретін велосипедтің маңайында да көпшліктің қарасы бір толастамады.

NU 01 288

«Химиялық инженерия және материалдар технологиясы» кафедрасына тиеселі  оқу-зертханалық құрылғыларға қызығушылардың да саны  көп болды.

NU 01 267

Қонақтар  тіпті дәнекерлеу симуляторын сынап көре алды.

NU 01 275 1

Қазақтың ұлттық аспаптарының құлақ күйін келтіруге арналған «Dombra Tuner» қосымшасы да назардан тыс қалмады.

NU 01 248 1

Қалың жұртшылыққа мектеп студенттері  құрастырған «SunQar көлігі» де таныстырылды.

NU 01 254

Профессорлармен жүзбе-жүз сөйлесіп,  кафедралардың академиялық бағдарламалары, оқуға түсу талаптары мен оқу үдерісі туралы ақыл-кеңес алуға келген мектеп оқушылары арасында ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болды .

NU 01 262

Әртүрлі студенттік ұйымдардың атынан қатысқан студенттер  өз тәжірибелерімен бөлісті.

NU 01 284 1

SEDS-тің Ашық есік күніне арналған бағдарламасының екінші бөлімі танымдық және ойын-сауықтық шаралардан  тұрды. Инженер студенттерден құралған оркестр ұлттық күй өнерінің інжу-маржандарын орындап, қонақтардың құлақ құрышын қандырды әрі меркелік көңіл күйге бөледі. Өз кезегінде профессор Мариза Цекарелу студенттерімен бірге «Инновацияларды қалай енгізуге болады – ой-өрісіңізді кеңейтудің  қарапайым жеті қадамы арқылы жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау» атты шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Бұдан бөлек, барлық қонақтарға мектептің 6 зертханасын аралап көруге мүмкіндік берілді.  Зертханаларға экскурсиялар  әр 30 минут сайын жүргізіліп отырды. Сайыс десе ішкен асын жерге қоятындар үшін  SEDSHUNT ойыны ұйымдастырылды.  SEDS тиындарын ең жылдам жинаған 10  қатысушыға мектеп атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.