Жаңалықтар

Назарбаев Университетінің пандемия кезінде қолға алған шаралары туралы соңғы жаңалықтар.

How Nazarbayev University is stepping out to fight against COVID 19 1

 https://nu.edu.kz/ru/news-ru/covid-19r

COVID-19 қоғамдық денсаулыққа тигізетін елеулі қауіп-қатерін сезіне отырып, Қазақстанда тіркелген алғашқы құрбандар туралы ақпараттан кейін үкімет вирустың таралуын тежеуге бағытталған қосымша шараларды қабылдады. Олардың ішіндегі ең бастысы физикалық өзара іс-қимылды шектеу болды. Осылайша, COVID-19 кейінге қалдырылған таралу шыңы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесіне инфекцияның жаңа толқынымен күрес жүргізуге дайындалу мүмкіндігін берді.

 

Назарбаев Университеті СOVID-19 вирусымен күресте қандай көмек көрсете алады?

Бүкіл әлем бойынша оқу орындары бүгінде оқытушылардың тәжірибесін, кампустың инфрақұрылымын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету  мен басшылықтың қолдауын пайдалана отырып, пандемиямен күреске өз үлесін қосу үшін бірікті.Назарбаев Университеті вирустың таралу ошақтарын қадағалауға және жұқтыруды баяулатуға қатысты мемлекеттің күш-жігерін қолдау мақсатында бірқатар бастамаларды іске қосты. ЖОО ғалымдары Қазақстандағы ауруды басу бойынша маңызды жобалармен жұмыс істеуде. Төменде олардың кейбірі.

Қазақстанда COVID-19 таралуын болжауға қабілетті симулятор. Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) стохастикалық эпидемиялық симулятор әзірледі, ол Қазақстанда COVID-19 таралу динамикасын визуалды бейнелейді және болжайды.

Симулятор әрбір аймаққа тән жеке бірқатар параметрлердің негізінде аурудың таралуын болжайды. Бұл инфекция жұқтырғандардың бастапқы саны, аймақтағы ауруханалардың сыйымдылығы, жұқтырғандардың аурудың күрделі дәрежесіне өту жылдамдығы және т.б. Параметрлерді талдаған соң симулятор картада ағымдағы жағдайды көрсетеді және дамудың түрлі сценарийлерін ұсынады. Алынған деректер неғұрлым осал аймақтарды анықтау және карантиннің ұзақтығы бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін қажет.

Симулятордың негізіне халықтың тығыздығы мен 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада денсаулық сақтау мүмкіндіктері кіретін ҚР нақты деректері алынды. Республика өңірлерінің арасында коронавирустың таралу моделі олардың арасындағы әуе, темір жол және автомобиль байланыстары негізінде жасалды.

Профессор Хусейн Атакан Варол басқаратын Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы симуляторды пайдалану бойынша бейне сабақтар жариялады issai.nu.edu.kz/episim.

Ауру мәртебесін бақылау және жылдам тестілеу. Назарбаев Университетінің медицина және биомедицина саласындағы ғалымдары SARS-COV-2 (COVID-19 тудыратын вирус) диагностикалық тестілерді тиімділендіру жобасымен жұмыс істейді, олар үкіметтің ағымдағы стратегиясын толықтыра алады.

Әдебиеттің ауқымды талдауы сарапшыларға стандартты молекулалық әдістерді қолдана отырып, вирусты тестілеудің түрлі үлгілерін жасауға, сондай-ақ қазіргі уақытта белгілері болмаса да, адамның бұрынырақ коронавирус әсеріне ұшырағанын анықтау үшін серологиялық талдауларды әлеуетті пайдалануға мүмкіндік берді.

“Кейбір тестілерді біз COVID-19 үдеуін болжау және диагностикалау үшін жасанды интеллект шешімдермен бірге біздің зертханаларымызда одан әрі дамытатын боламыз. Біз сондай-ақ көптеген елдерде COVID-19 жұқтырған халықтың әртүрлі топтарында өткізіліп жатқан өзекті терапевтік клиникалық сынақтарды, оның ішінде жақында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бастаған SOLIDARITY зерттеуін егжей-тегжейлі зерттейміз», – деп хабарлады НУ Медицина жөніндегі вице-президенті, доктор Пиньятелли.

Назарбаев Университеті эксперименттерге қатыстырылуы мүмкін ауруханалық жабдықтарды пайдалана отырып, ғылыми сараптама жүргізуге көмек көрсетуге дайын. Жаңа әдістер мен стратегиялар кеңінен пайдалануға жол берілместен бұрын кез келген препараттар мен вакциналар мұқият клиникалық сынақтарға ұшырауы тиіс, олар екінші жоспарға уақытша кеткен басқа да әлеуметтік маңызды ауруларды зерттеумен қатар елеулі күш-жігер мен уақытты талап етеді.

Импровизацияланған госпиталь. University Medical Center (UMC) Назарбаев Университетінің басшылығымен қажет болған жағдайда Республикалық диагностикалық орталықты COVID-19 диагнозы расталған пациенттерді, сондай-ақ ауруханадан шыққан, бірақ одан әрі карантинді қажет ететін науқастарды қабылдауға дайындайды. Егер Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме шамадан тыс түссе, ЖОО басшылығы алдағы уақытта қолдау шараларын қарастыратын болады.

Қосымшаларды әзірлеу. Назарбаев Университетінің әзірлеушілері коронавирустық инфекцияға және тыныс алу жолдарының басқа да ауруларына қатысы бар кез келген клиникалық симптомдардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны (оны ұялы телефондарға тегін орнатуға болады) жасады. Сонымен қатар, қосымша диагнозға қарамастан өзін-өзі оқшаулау және жан-жақты жағдай туралы жазылатын ақпаратты жасырын түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер пайдаланушыға өзінің симптомдарын өз бетінше бағалауға, сондай-ақ дәрігерлер мен ғалымдарға COVID-19 жұқпасының даму динамикасын жақсы түсінуге көмектеседі.

Волонтерлік. Назарбаев Университетінің түлектері Айсұлу Түстықбаева мен Айдана Амангелдиева коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарлы медициналық қызметкерлерге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаны іске қосты. Дәрігерлердің ауыр еңбегі үшін алғыс ретінде қыздар Назарбаев Университетінің Түлектер қауымдастығымен бірлесіп қаражат жинап, медицина қызметкерлеріне тегін түскі ас береді. Астананың кейбір мейрамханалары бастаманы қолдап, ас мәзірінен дайын тағамдарды ұсынады. Сіз де еріктілердің бастамасын қолдап, олармен келесі нөмірлер бойынша байланыса аласыз: Айсулу (+7 778 955 9993) және Айдана (+7 777 733 7333).

 

Назарбаев Университеті вирустың өз аумағында таралуына жол бермейді.

COVID-19 таралуымен байланысты жағдай қарқынды дамығандықтан, Назарбаев Университетінің жоғары басымдығы кампуста ауруға жол бермеу болып табылады. Кампуста және одан тыс жерлерде студенттер мен қызметкерлердің денсаулығы, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты аса маңызды.

Кампуста ақпаратты уақтылы жинау және алдын алу шаралары. 2020 жылдың қаңтарынан бастап Назарбаев Университетінің басшылығы ағымдағы жағдайды ескере отырып,  әлемде коронавирустың таралуына шолу жасау және алдын алу шараларын қабылдау үшін тұрақты кездесулер өткізеді. Кампустың аумағында антисептигі бар аппараттар орнатылды, бөлмелерге кәсіби дезинфекция жүргізіледі. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаменті COVID -19 қатысты жаңалықтар, Үкімет шешімдері және ДДҰ ұсынған сақтық шаралары туралы НУ қауымдастығын хабардар етеді. Қажетті ақпарат Университеттің веб-сайтында арнайы құрылған COVID-19 қолжетімді. НУ қауымдастығының әрбір мүшесі Университет Президенті мен Проректорына Zoom-де тікелей веб-трансляция және конференциялар арқылы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болады.

Үйде жұмыс істеу. ҚР Үкіметінің 30 наурыздағы өкімі негізінде Назарбаев Университеті барлық қызметкерлерге жеке кабинетке, электрондық құжат айналымы жүйесіне және басқа да веб бағдарламаларға қашықтықтан қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, үйде жұмыс істеуге тапсырма берді. Физикалық өзара әрекеттесуді шектеу – қолды  жуумен және бетке қол тигізбеумен қатар вирусты таратпау бойынша басты шара болып табылады.

Қашықтықтан оқытуға көшу. Назарбаев Университетінің барлық студенттері кампусты Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған карантинге дейін босатқан еді. Ерекше жағдайларда студенттерге (шетел азаматтары) жатақханаларда қалуға рұқсат берілді. 6 сәуірден бастап НУ барлық студенттері үшін онлайн режимінде жүйелі сабақтар басталады. Сабақтар университеттің оқу ресурстарын пайдалана отырып жүргізіледі: Moodle, Discussion boards, Zoom, Qualtrics, Google Hangouts, Adobe Connect, Active Presenter, Audacity, PowerPoint; электронды журналдар мен кітаптар, инновациялық оқу орталығының ресурстары мен оқулықтар. ЖОО Кітапханасы барлық онлайн процестерге қосылды.

«Ашық кітап» емтихандарын, тақырыптық зерттеулерді, топтық сұхбаттарды, эссені, бейне-бағалауды және ғылыми жұмыстарды қоса алғанда  онлайн бағалау жүйесі әзірленді. Назарбаев Университеті сондай-ақ оқу ресурсының онлайн курстарына қол жеткізу үшін Coursera интернет платформасымен әріптестік туралы келіссөздер жүргізуде. Уақыт өте келе, Қазақстанның басқа университеттерімен оқу процесін цифрландыру тәжірибесімен бөліседі. Өз кезегінде НУ Кітапханасы өзінің барлық қызметтеріне қатысты онлайн-режимге көшті.

«Университеттер бірдей проблемаларға тап болды. Бұл онлайн-оқытуға және бағалауға көшу, қабілетті студенттерді қабылдауды қамтамасыз ету, көктемгі семестрдің соңына және келесі жазғы семестрге кесте жасау, жаңа оқу жылында мүмкін болатын жанама әсерлер, студенттер мен оқытушылардың әр жерде орналасуы, студенттерден аса белсенділік пен  қоғамдастыққа қамқорлық жасаудың талап етілуі, практикадан өту мәселелері және кампустағы өмірді қалыпқа келтіру тәсілдері. Бірақ университеттер талдау, диагностикалау, емдеу, техникалық инновациялар және қоғамға қызмет ету арқылы COVID-19 еңсеру бойынша ұлттың күш-жігеріне қандай үлес қосатындығын да көрсете білді. Басқаша айтқанда, университеттер ең жақсысын істеді – миды жұмыс істеуге мәжбүр етті», – деп атап өтті Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза.

Жұмыс жалғасуда. Қатаң карантиндік шаралар мен қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтай отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары вирустың алдын алу бойынша тиімді шешімдерді іздестіру бойынша жұмыс істеуді жалғастыруда. НУ басшылығы, өз кезегінде, күтпеген жағдайлар жағдайында бірқатар ықтимал сценарийлерді жоспарлайды және вирустың таралуына жол бермеу және тиімді академиялық және ғылыми қызмет үшін жағдайды қамтамасыз ету үшін шешуші шаралар қабылдайды.

Коронавирустың таралуына қарсы күресте Назарбаев Университеті қабылдайтын қосымша шаралар бойынша жаңартуларды қадағалаңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

#Bizbirgemiz #Сидимдома #StayAtHome