Жаңалықтар

Назарбаев Университетінің командасы Халықаралық университеттік математика олимпиадасында (IMC) 3 медаль жеңіп алды

insta post IMC 1

Жарыс 25-30 шілде аралығында COVID-19 пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтті. Назарбаев Университетінің құрамына 5 студент қатысты: Бақдаурен Нарбаев, Бақытжан Құрманбек, Нартай Айқын, Изат Хамиев және Кадирбек Шарау. Изат пен Кадирбек – Инженерлік және сандық ғылымдар мектебінің студенттері.

Бақдәурен Нарбаев пен Изат Хамдиев күміс, Бақытжан Құрманбек қола жүлдеге ие болды, Нартай Айқын мен Қадірбек Шарау құрмет грамоталарымен марапатталды. Команда капитаны Бақытбек Жұманов болды.

НУ математика командасы 2012 жылдан бері Халықаралық математика олимпиадасына қатысып келеді. Команда IMC 2020 рейтингісіндегі ең жақсы 44 университеттің қатарында, Нанянг Технологиялық Университетінің (Сингапур) орына жақындап, Уорвик Университетінен (Ұлыбритания) және тағы басқаларын озып келеді. НУ командасы 2019 жылы 42 орынға, 2018 жылы 67 орынға ие болды.

Халықаралық университеттік математика олимпиадасы (IMC) 1994 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Олимпиада басталғалы бері оған 65 елден 200-ден астам ЖОО қатысты. Негізгі ұйымдастырушылар – University University London және Болгариядағы Американдық университет.

Студенттерімізді құттықтаймыз және жеңістер тілейміз!

https://yerlanamanbek.github.io/posts/2020/08/blog-post-6/ материал бойынша