Назарбаев Университетінде Ашық Еесік Күніне тіркелу ашылды

Назарбаев Университеті жыл сайынғы күздің ең басты оқиғасы – Ашық есік күнін өткізеді. Биыл іс-шара алғаш рет онлайн режимінде өтеді. Сіз Назарбаев Университетінде оқуға түсу, грант алу, оқу және студенттік өмірге қатысты әр түрлі тақырыптағы қызықты сессияларына қатыса аласыз, сонымен қатар барлық сұрақтарыңызды НУ өкілімен тікелей сұрақ-жауап сессиясында қоя аласыз.
Іс-шара 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақытымен 11: 00-ден 17: 00-ге дейін өтеді.
Виртуалды ашық есік бағдарламасы мен тіркеу формасын мына сілтеме бойынша таба аласыз. Сәтті тіркеуден кейін сіздің электрондық поштаңызға шақыру жіберіледі.
Назарбаев Университеті туралы көбірек білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.