Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Үздік Жаһандық Университеттердің халықаралық рейтингінде бірден 81 сатыға жоғарылады
Назарбаев Университеті Үздік Жаһандық Университеттердің халықаралық рейтингінде өз позициясын жақсартты. Өткен жылмен салыстырғанда университеттің ғана емес, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің де көрсеткіші айтарлықтай жақсарды. Рейтингте ең жоғары көрсеткіш мектептің Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасына тиеселі. Университет биыл 1344-тен 1275-ші орынға, мектеп 707-ден 626-шы орынға көтерілген. Ал Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы 362-ші орынға тұрақтады.
АҚШ News & World Report Үздік Жаһандық Университеттер жыл сайынғы рейтингі әлемдік университеттерді салыстыру үшін құрастырылған.
Биылғы тоғызыншы рейтинг 95 елдегі ең үздік 2000 жоғары оқу орнын қамтиды. Университеттер зерттеу жұмыстары мен академиялық бағдарламалардың сапасы бойынша бағаланған.
«Назарбаев Университетінің электротехника бағдарламасы бойынша 2000 университеттің арасында 362-орынды иеленуі айрықша оқиға. Өйткені біз Америка Құрама Штаттарынан тыс басқа университеттерді айтпағанда, Солтүстік-Батыс университеті, Пенсильвания университеті, Сан-Диего мемлекеттік университеті, Колорадо мемлекеттік университеті сияқты жетекші америкалық университеттерді басып оздық. Олар өз бағдарламаларына бізге қарағанда әлдеқайда қомақтырақ қаржы бөледі және әдетте студенттер саны 20 000 немесе одан да көп болады. Назарбаев Университетінде соңғы 12 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз шынымен де таң қалдырады. Қазір НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) 2025 жылға қарай ABET (ескерту – Инженерия ғылымдары мен технологиялар бойынша аккредиттеу кеңесі)аккредитациясы бойынша белсенді жұмыс жасауда. Бұл біздің жаһандық рейтингте одан әрі көтерілуімізге сеп болады», – дейді Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі Ахан Әлмағамбетов.