Жаңалықтар

Наноматериалдар мен дамыған энергия сақтау жүйелері бойынша онлайн семинар 2021 жылдың 11-12 тамызына жоспарланған

SEDS news 3

Назарбаев Университеті (НУ), Батареялар Институты (IoB) және National Laboratory Astana (NLA) ұйымдастырған наноматериалдар мен дамыған энергия сақтау жүйелері бойынша онлайн семинар 2021 жылдың 11-12 тамызына жоспарланған.

2021 жылы Covid-19 жағдайына байланысты біз жыл сайынғы дәстүрлі форматта наноматериалдар және алдыңғы қатарлы энергия сақтау жүйелері (INESS) бойынша халықаралық конференция өткізбейміз. Мұның орнына біз энергияны қолдану бойынша функционалды материалдар саласындағы халықаралық танымал ғалымдардың семинарларын ұйымдастырамыз.

Зерттеушілер материалдар технологиясы, нанотехнологиялар, экология, жаңартылатын энергия және энергия сақтау жүйелеріндегі прогресс пен қиындықтар туралы өздерінің көзқарастарымен бөліседі. Тыңдау, үйрену, сұхбаттасу және сұрақтар қою мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Онлайн семинарға сілтемелері бар толығырақ ақпаратты https://iness.kz/ веб-сайтынан алуға болады.