Көңіл айту
15 мамырда Үндістандағы ауруханада Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ассистент профессоры, доктор Сивананд Кумар Нуннаның көз жұмғаны туралы терең қайғымен хабарлаймыз.
Д-р Кумар Назарбаев Университетіне Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының оқытушысы ретінде 2017 жылы қосылған болатын. Ол энергетика және энергетика жүйелері саласында сабақ беріп, зерттеулер жүргізу арқылы кафедраның дамуына зор үлесін қосты. Доктор Кумардың трансактивті энергия, электр нарықтары, энергетикалық жүйелерге көп агенттік жүйелерді қолдану және ақылды тарату жүйелері саласындағы ғылыми жарияланымдары оның зерттеу шеберлігінің айғағы болып қала бермек. НУ-да өткізген қысқа мерзім ішінде ол өз студенттері үшін құрметті профессор, әріптестері үшін жақсы дос және НУ Қауымдастығының қадірлі мүшесі бола білді.
Доктор Кумардың мезгілсіз дүниеден озуы барлығымыз үшін орны толмас қаза. Әрдайым үміт пен оптимизмге толы болатын осындай жігерлі және мейірімді жас тұлғаның өмірінің бір мезетте үзілгеніне сену қиын.
Біз доктор Кумарды көрнекті ғалым, жарқын ұстаз, зерек тәлімгер ретінде есімізде сақтайтын боламыз. Ол әрқашан біздің жүрегіміз бен ойымызда қалады.
Доктор Кумардың отбасына, достарына, әріптестері мен студенттеріне шын жүректен көңіл айтамыз. Біздің ойымыз бен дұғаларымыз Сіздермен бірге ортақ.