Жаңалықтар

Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің оқытушылары НУ-дың 2020 жылғы Оқыту саласындағы Сыйлығына ие болды

222

НУ-дың 2020 жылғы Оқыту саласындағы Сыйлығына ие болған жеңімпаздар анықталды. Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің 2 оқытушысы НУ-дың 2020 жылғы Оқыту саласындағы Сыйлығына ие болғандығын үлкен мақтанышпен хабарлаймыз:

NUTA2020 Ben Tyler

Оқытудағы көшбасшылық:

Бенжамин Тайлер, Компьютер ғылымдары кафедрасы

NUTA2020 Abid Nadeem

Инновациялық оқыту:

Абид Надим, Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы

2017 жылдан бастап Назарбаев Университеті Оқыту саласындағы Сыйлығын беріп келеді. Үміткерлерді университет мектептері мен департаменттері ұсынады, ал НУ-дің  Университеттің Оқыту және білім беру комитеті қорытынды баға берді. Назарбаев Университетінің 10 жылдығын мерекелеу аясында 2 жаңа номинация қосылды, сонымен 2020 жылы барлығы 8 номинация болды.

Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы өте мықты болғандықтан, және әр мұғалімнің білім беру процесіне айтарлықтай үлес қосқанынан, Оқыту және білім беру комитетіне қиын міндет жүктелді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сізге денсаулық, шабыт және сәттілік тілейміз!