Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 2020 жылғы түлектері!

2020 жылдың 14 маусымында университетіміздің 10 жылдық тарихында алғаш рет COVID-19 пандемиясына байланысты цифрлық форматта бітіру салтанаты өтті. Түлектер бұл қызықты шараны отбасы мен достарымен марапаттау рәсімінің онлайн режимінде көру арқылы бөлісуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев университеттегі жоғары білім деңгейінің жоғары екендігін атап өттіп, түлектерді құттықтады: «Қысқа мерзім ішінде ұлттық жоғары білімнің флагманы бола отырып, Назарбаев Университеті жоғары сапалы білімнің Қазақстанда да болатындығын дәлелдеді. Осы жылдар ішінде 5 мыңға жуық адам университеттің түлегі болды. Олардың барлығы жоғары білікті маман екендіктерін дәлелдеді. Осы жылдың өзінде университеттің мыңнан астам түлегі ғылыми дәрежеге ие болды.»
Сонымен қатар Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу түлектерді дипломдарымен құттықтап жаһандық сынақтарға қарамастан, түлектер өздерінің білімі мен дағдыларын жұмыс орындарын құруға, жаңа теориялар мен өнертабыстарды жасауға, қоғамның мүддесі үшін заманауи инфрақұрылымды жобалауға қолданады деп үміттенеді.
Түлектер ересек кезіндегі алғашқы жетістіктерін алғаннан кейін, бүкіл әлем кезіккен уақытша қиындықтарға қарамастан, жаңа тарауды бастауға дайын.