Ешбір қалдықсыз өмір сүру жолындағы маңызды қадам. Студенттер жобасы: сұйық тұрмыстық тауарларды сатуға арналған аппараттар.

Сіз Қазақстанда пластикті пайдалануды азайтуға және қалдықсыз өмір сүруге көмектесетін заманауи технологиялар туралы ойладыңыз ба? Міне олар! «refillme» - бұл тұрмыстық химиялық заттарды құйылмалы түрде сатуға арналған диспенсерлерді шығаратын эко-стартап.
Біздің студенттер тұтынушыларға бөтелкелерін сұйық өнімдермен толтыруға мүмкіндік беретін refillme жүйесін жасады. Бұл жүйені қолдана отырып, сіз қаптамаға кететін шығындарды азайтып қана қоймай, сонымен қатар пластикалық қалдықтардың сіздің денсаулығыңызға әсерін бәсеңдетесіз. Сатып алу процесін мүмкіндігінше ыңғайлы ету үшін біздің студенттеріміз инновациялық диспенсерді әзірлеуде.
Қаптамаға кететін шығындардың тауардың жалпы бағасының 40%-на дейін жететіндігін білдіңіз бе? Тек бұл ғана емес, елестетіп көріңізші, жыл сайын 500 миллионнан астам сусабын бөтелкелері қоқыс жәшігіне лақтырылады. Нәтижесінде олар ыдырап, су мен топыраққа микропластик түрінде енеді. Ал біз микропластикті жұтып қойған балықты жеу арқылы пластик құрамына енетін улы элементтердің ағзамызға енуіне жағдай жасаймыз.
«Жоғарыда аталған мәселелердің шешу жолдарын тапқымыз келгендіктен, “refillme” стартапын құруды шештік. Біздің құрылғыларда ұсынылған өнімдерге тек табиғи және қауіпсіз ингредиенттер кіреді, демек біздің өнімдер сіздің денсаулығыңыз бен планетаға зияны жоқ! Сонымен қатар, сіз бөтелкеңізді өзіңізге керекті мөлшерде толтыра аласыз. Оған қоса, біз саналы түрде тұтынуды насихаттағымыз келеді. Экологиялық мәселелер туралы хабардар болуды ұлғайту - қалдықсыз өмір салты жолындағы маңызды қадам».
Стартап төрт ай бұрын құрылды және осы уақытта олар:
- жергілікті өндірушінің тауары көмегімен MVP-ді тексеріп, сатылымдарды екі есеге өсірді;
- жобаның прототипін жасап шығарды;
- planeta.ru платформасында краудфандинг құрды;
- refillme.kz сайтын жасады;
- және сатып алудың мұндай әдісіне деген сұранысқа көз жеткізді.
Бұл жаңа технология Қазақстанда жасалуда және Назарбаев Университетінің бастамасы болып табылады. 'refillme' сіздің қолдауыңызды қажет етеді. Қазіргі уақытта стартап инвестицияларды іздеуде және прототипті дамыту мен эко-қозғалыстың құрамына енуге ниеті бар студенттерді топқа қосылуға шақырады.
refillme тобымен таныс болыңыз:
Алуа Жолғазы - СЕО
Қаламқас Жағыпарова - СТО
Анэля Тынысбек – Бизнесті дамыту жөніндегі директор
Алина Захарова - CMO
Алия Өмірханова - PR менеджер
Сержан Омаров - Графикалық дизайнер.
The PhD admissions is ongoing now! Ask your questions here!

