Бұлтты қызмет арқылы тарату трансформаторларының жүктемесін, дірілін және қартаюын нақты уақытта бақылау жүйесі

Цифрландыру дәуірінде энергияға деген сұраныстың өсуі энергияны үнемдеуге байланысты мәселелердің көбеюіне түрткі болды. Энергетика немесе энергиямен жабдықтау секторлары / компаниялары сұраныс пен ұсыныстың балансын сақтауы керек.
Сонымен қатар, саланың қазіргі тенденциялары жүйенің бұзылуының салдарымен күресуден гөрі болжау функциясымен жабдықталған интеллектуалды жүйенің болғаны жөн екенін көрсетеді. Жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзарту – салалардағы маңызды мәселелердің бірі. Шынында да, бұл мәселе энергетикалық жүйенің ең маңызды бөлігі – трансформаторға қатысты.
Ішкі және сыртқы факторларға байланысты тозу жылдамдығын төмендету, сондай-ақ діріл деңгейлерін бақылау бүкіл электр энергетикасы үшін негізгі проблемалар деп санауға болады.
Осы мәселелерді шешу үшін «Ақылды өлшеуіштер» (SM) деп аталатын есептегіштердің жаңа буыны жасалды. SM ақылды торды қолдайды және жүктеме кезінде трансформатордың әрекетін бақылайды.
Ұсынылып отырған SM-нің ерекшеліктері Еуразия елдеріндегі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерінде өте маңызды, олар:
- Энергия шығынын нақты уақыт режимінде қадағалу
- Трансформатордың қартаю жылдамдығы мен дірілін ыңғайлы платформасы бар мобильді және веб-қосымша арқылы бақылау
- Қажетті кезең үшін жүктеме мәндерін болжамды бағалау
- Энергия жеткізушіні таңдау және тарифтік ставкаларды өзгерту икемділігі
- Электр энергиясының төлемін қадағалау
- Жаңартылатын энергия көздерінің мониторингі
- Өндірістік және тұрғын ғимараттар үшін энергияны басқару.
Бұл ғылыми жобаны Мехди Багери профессордың басшылығымен Назарбаев Университетінің студенттер тобы сәтті жүзеге асырды.
Жобаны іске асыру барысында Alageum электро компаниясының «Азия Трафо» ЖШС сынақ орталығында интеллектуалды өлшеу және бақылау жүйесін тестілеу және калибрлеу туралы шешім қабылданды.
Команда мүшелері Ассильхан Аманхан и Аскат Курал зауытқа барды және үш апталық іссапар кезінде SM гамма-нұсқасы толығымен құрастырылды, ток, кернеу, температура және діріл датчиктері нақты өндірістік жағдайларда өнімділік пен функционалдылық тұрғысынан тексеріліп, калибрленген.