2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпаздары анықталды
Ғылым саласындағы 50 қазақстандық қызметкерге мемлекеттік сыйлық берілді, олардың ішінде Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU) үш ғалымы марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілеген сыйлық еліміздегі ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдарды, ғылым саласы қызметкерлерін қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауы жеңімпаздарының есімдері:
– Алмас Шынтемиров, Қауымдастырылғын профессор, Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы;
– Ғалымжан Наурызбаев, Ассистент профессоры, Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы;
– Ербол Сарбасов, Ассистент профессоры, Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы.
Республиканың ғылыми және оқу орындарынан 7 бағыт бойынша конкурсқа қатысуға барлығы 468 өтінім түскен.
Профессорларымызды жаңа жетістігімен құттықтап, ғылымда бұдан да зор табыстар тілейміз!
Толық тізімді мына жерден табуға болады.