Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласының инженер маманы
Механикалық инженерия саласының инженер дипломын алған түлектер өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, электрмен және сумен қамтамасыз ету, инженерлік және басқарушылық консультация беру, автомобиль жасау, аэроғарыштық және авиациялық өнеркәсіп, қайта өңдеу өнеркәсібі, электроэнергия өндірісі және электроника салалары тәрізді көптеген салаларда жұмыс істей алады. Механикалық инженерияның негізгі бағыттары: материалтану, динамика, термодинамика, жылу массалық алмасу, сұйықтық механикасы және механикалық жобалау. Механикалық инженерияны оқитын студенттер оқу кезінде мамандану саласын таңдайды және математика мен физикадан біліктілігін көрсетіп, сондай-ақ механикалық инженерияның іргелі негіздерін түсінуі тиіс, бұл статикалық және динамикалық инженерияны, сызбаларды қолмен және автоматтандырылған дайындауды (САД), сондай-ақ материалдар теориясы негіздерін қамтиды. Негізгі модульдерді аяқтаған соң студенттер элективтік модульдерден өту арқылы кәсіптерінің келесі кезеңдеріне дайын болады. Барлық пәндер практикалық тәсілмен оқытылады. Инженерлік білім есептерді шығарумен, сондай-ақ зертханалық эксперименттермен байланысты. Оқу кезінде студенттер көптеген жобаларды іске асырады. Студенттер инженерлік тұжырымдамаларды, сызбаларды, өздерінің жобалары туралы таныстырылымдарды пайдалана отырып, тиімді қарым-қатынас жасауға үйренеді. Студент тәжірибесінің маңызды бөлігі – практикумдар материалдары бойынша практикалық білімдерін кеңейту. Кәсіби этика, сондай-ақ құқықтық аспектілер, бизнес пен кәсіпкерлік, және де тұрақтылық тәрізді тақырыптар біздің Мектептегі оқытудың негізгі тәсілдері болып саналады.
Қажетті техникалық, тұлғааралық және тұжырымдамалық дағдыларды дамытудан басқа, біз студенттеріміздің тәжірибе арқылы білім алулары үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көп көңіл бөлеміз. Бұл пән болашақ түлектердің негізгі кәсіптік дағдыларын қалыптастыруы үшін көптеген модульдерді ұсынады. Біздің модульдер академиялық сапаны, өзектілікті, сондай-ақ кәсіптік инженер біліктілігі стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында мұқият бақыланады. Біз студент бакалаврларымызды олардың қызығушылықтарына, сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне сәйкес келетін стандартты модульдерімен қатар, факультативтік модульдер бойынша оқытуды қамтамасыз етеміз. Біз оқушыларға оқу түрлері мен мұқтаждықтарына сәйкес көмектесу үшін инклюзивті тәсілді қолданамыз. Біз оқытудың өзектілігін сақтауға, студенттеріміздің тиімді тәжірибесіне және оқудағы жетістіктеріне ерекше көңіл бөле отырып, оқыту әдістерін жақсартуға барынша тырысамыз. Сіз механикалық инженерия саласында икемді, инклюзивті, өзекті және заманауи білім беру мәселелерінде бізден қолдау таба аласыз. Біздің қызметкерлер үкіметпен, саламен және біздің өңірдегі жергілікті қоғамдастықпен жұмыста олармен жақсы қарым-қатынас орнатты. Біздің факультеттің ұлттық, халықаралық деңгейде де дамыған академиялық және ғылыми байланыстары бар. Дамып отырған сыртқы байланыстар, бірлескен жобалар мен жарияланымдар Ол туралы айғақтайды.
Назарбаев Университетінде механикалық инженерияға оқыту
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде механикалық инженерия саласында дәреже алу бағдарламасы механикалық инженерия саласындағы мамандандырумен байланысты, жүйелі білім берудің инновациялық оқу бағдарламасына (инженерлік шешімдер кешенді негізде шешілетін) негізделген. Инженерия саласындағы бакалавриат бағдарламасы университетке түсуге дайындық бағдарламасын және кейіннен үш жыл инженерияда оқытуды және механикалық инженерия саласының инженерлік іс бакалавры дәрежесін алуды қамтиды. Ерекше студенттер оқуға түсуге дайындық бағдарламасынан өтпей-ақ, тікелей оқуға түсуге өтініш бере алады. Бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер екі жылдық магистратура бағдарламасы бойынша оқиды.
Ұсынылатын бағдарламалар: