НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) өкілдерімен бірге Назарбаев Университетінде қазанның 24-і мен 28-і аралығында өткен Азия университеттері альянсы жастар форумына қатысушылар үшін екі сағаттық семинар өткізді. «Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы» тақырыбындағы форум Токио университеті, Чулалонгкорн университеті (Таиланд), Үндістан технологиялық институты […]
NU SEDS және ISSAI Азия университеттері альянсы жастар форумының қатысушылары үшін жасанды интеллект саласындағы зерттеулер бойынша бірлескен семинар өткізді
7 қазан күні Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі «Механикалық және аэроғарыштық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Эссам Шехаб бірқатар профессор және студенттерімен бірге «Дүниежүзілік ғарыш апталығы: ғарыштық технологиялар және патенттер» атты кездесуге қатысты. Бұл шара жыл сайын 4-10 қазан аралығында аталып өтетін Дүниежүзілік ғарыш апталығы аясында ұйымдастырылды. Кездесу ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мен ғарышкер, Қазақстанның Халық […]
Инженерия және Цифрлық ғылымдар мектебі сіздермен робототехника кафедрасының профессорлары Тохид Ализаде, Айбек Ниетқалиев және электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының профессоры Бехруз Махамның Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп жасаған жобасы туралы ақпаратпен бөлісуге қуанышты. Бұл жоба туралы толығырақ бізге профессор Тохид Ализаде айтып берді. – Сіз жобаңызбен қашан жұмыс істей бастадыңыз? Жоба пандемиядан бұрын […]
Назарбаев Университеті 25 қыркүйек күні пандемиядан кейінгі бірінші Ашық есік күнін өткізді. Шараға 5500-ге жуық астаналық пен қала қонақтары қатысты. Олардың басым бөлігі университет тыныс-тіршілігімен алғаш танысқан жоғары сынып оқушылары болды. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі бұл жолы америкалық инженер Генри Петроскидің «Ғылым – білім, ал инженерия – жасампаздық» деген қанатты сөзін ұстанып, университет атриумында […]
15 қыркүйекте Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары жыл сайынғы мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты. Академиялық кеңес беру кеңсесі университет кампусының атриумында ұйымдастырған шара ұзын-ырғасы 2 сағатқа созылды. Мұндағы мақсат – мамандық таңдауда екіойлы болып жүрген бірінші курс студенттері мен NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінде білім алып жатқан жастарға бағыт-бағдар беру. […]
Үндістанның NRI әл-ауқат қоғамының беделді сыйлығын табыстау рәсімі Үндістанның Республика күні қарсаңында өтеді. Үндістанның резидент емес әл-ауқат қоғамы (NRI) құрған Hind Rattan Award-2023 («Үндістанның асыл тасы») үнді диаспорасындағы ең жоғары марапаттардың бірі болып табылады, ол Үндістаннан шыққан резидент еместерге зор еңбегі мен ғылыми жетістік үшін беріледі. Сыйлық НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Прашант […]
Оның «Soyles» жобасы «Әлеуметтік әсер» номинациясы бойынша жеңімпаз және ел чемпионы деп танылды. Big Idea Challenge – бұл Creative Spark бағдарламасына қатысушы елдердің жастарын инновациялық «стартапты» дамытуға және оны күллі әлемге жариялауға шақыратын Британ Кеңесінің халықаралық бейне питчинг (презентация) байқауы. Creative Spark – Ұлыбритания елінің Орталық Азияның жеті елінде (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказда (Әзербайжан, […]
Арман Болатовтың көрсеткіші қазақстандық қатысушылар арасында ең үздік болып табылады. 2022 жылғы 1-5 тамыз аралығында Болгарияның Благоевград қаласында университет студенттеріне арналған 29-шы Халықаралық математикалық олимпиада (IMC) болып өтті. Ол 1994 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді және Уильям Лоуэлл Патнем атындағы Олимпиада сияқты студенттерге арналған ең беделді халықаралық математикалық олимпиада болып саналады. Биыл олимпиадаға Назарбаев […]
Назарбаев Университетінде соңғы екі жылда алғаш рет жаңа студенттерге бағдар беру апталығы өтті. Дәстүрлі бағдарлау апталығы биыл 8 тамызда басталып, 12 тамызға дейін жалғасты. НУ бағдарлау апталығы – оқу жылының басындағы кезең, оның барысында бірінші курс студенттерін университеттің білім беру ортасына бағдарлау және интеграциялау үшін әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Апталықтың бағдарламасы бай және жан-жақты болды, оның […]
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі жуырда Назарбаев университетіндегі қызметтік жолын тәмамдаған Профессор Реза Монтазамиге қажырлы еңбегі үшін жүрекжарды ризашылығын білдіріп, сәт-сапар тіледі. Профессор Реза Монтазами – Айова мемлекеттік университетіндегі Машина жасау кафедрасының доценті және Корольдік химия қоғамының мүшесі. Оның ғылыми ізденістері негізінен функционалдық материалдар, электронды және иондық полимерлер, жұмсақ электроника мен биоэлектроникаларға арналған. 15 жылдан […]