
Алдаберген, Мәди
Менің ағымдағы қызметім Дубайдың 2021 жылға дейін әлемдегі ең инновациялық дамыған қалаға айналуына көмектесу болып табылады. Мен энергияны тиімді пайдалану, жасанды интеллект (ЖИ), сумен жабдықтау, заттар интернет технологиялары және т.с.с. салалардағы 20-дан астам компаниялары бар Дубай қаласы Электр және су департаменті үшін екі бизнес-акселераторлардың портфолиосын басқарумен айналысамын. Басты міндет – жаңа технологияларды қаланың экожүйесіне интеграциялау және стартаптарды кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігіне ие болу идеясын іске асыру.
Мен оқыған оқу орным және Инженерия мектебінің (қазіргі таңда Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі) арқасында ғана осы жерге тап болдым деп айтсам, артық болмас. Еліміздің белсенді жас көшбасшыларының алған білімі мен дағдыларынан басқа артықшылықтарының бірі – ерекше ойлау қабілеті. Инженерия мектебі маған жаңаша ойлауды, қателік жасамауды және стратегиялық шешім қабылдауды үйретті. Мен дұрыс жауап алу үшін дұрыс сұрақ қоюды үйрендім. Бізге профессорлар мен оқытушылардың көмекшілері жан-жақты қолдау көрсетті. «Неге» деп сұраудың орнына біз «неге жоқ» екенін айтып, жаңа әрі қызықты есеп шығару жолдарын үйрендік.
Мен үшін НУ Инженерия мектебі – өте тиімді іс атқаруыма және өз ойымды іске асыруға мүмкіндік берген орын. Топпен жұмыс істеу мен үшін өте маңызды іс болды. Біз лабиринттен шығу үшін робот кодын жазып, теңіз мұнай платформасына арналған жоба жоспарын әзірлеп немесе адамдарға көмектесетін экзоскелет жасадық. Біздің профессорларымыздың қолдауымен, мен Сауд Аравияда өткен жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатыса алдым, бұл маған мамандығымды терең түсінуге және болашақ еңбек жолымды жоспарлауға мүмкіндік берді.
Мен университеттегі достарыммен және ондағы қызметкерлермен араласып тұрамын. Біз бірге жаһандық іскер адамдармен қарым-қатынас орнатып, Қазақстанда кәсіпкерлік пен инновациялық экожүйені дамыту мәселесімен айланысамыз. Біздің пайымымыз – Қазақстанды өңірдегі ең мықты технологиялық инновациялар орталығына айналдыру.
Мәди Алдаберген, Дубай
2016 жылғы түлек, Электроника және электротехника (қазіргі уақытта Электротехника және компьютерлік инженерия)

Әлімбаев, Талғат
Мен Назарбаев Университетін 2016 жылы механикалық инженерия саласының инженерлік іс бакалавры мамандығы бойынша бітірдім.
Оқуды бітірген соң мен дереу Ресейге көштім де, дөңгелек шығаратын ірі өндіруші «Continental AG» компаниясына жұмысқа тұрдым. Мен «Continental AG» зауыты орналасқан Калуга қаласында 9 ай тұрдым, содан соң Германияның Ганновер қаласындағы «Continental» штабына көштім, онда мен тағы 9 ай жұмыс істедім. «Conti» штабында жұмыс істегенімде менің түсінгенім – зерттеу жұмысымен айналысқым келетіні, сондықтан PhD-да оқуды жалғастыруға бел будым. Назарбаев Университеті білім алуға, дағдыларыңды дамытуға және жаңа достар табуға мүмкіндік береді. Мен бұл жерде оқуға үйрендім және бұл ең маңызды дағды болып табылады. НУ қабырғасында кездестірген достарым – менің ең жақсы достарым.
Рақмет, НУ. Талғат.
Фотосуретте мен сол жақта тұрмын. Бұл фотосуреттегілердің барлығы Назарбаев Университетінде оқығандар және осы штатта PhD-да оқитындар. Солдан оңға қарай: мен (Ренсселер политехникалық институты), Мерген Әлимағанбетов (Эмбри-Риддл Аэронавтика университеті), Ғалия Мағазова (Нотр-Дам Университеті) және Мансұр Жүсіпбеков (Корнель университеті).
Талғат Әлімбаев, АҚШ
2016 жылғы түлек, Механикалық инженерия

Мағазова, Ғалия
НУ Инженерия мектебінде (ескертпе: қазіргі уақытта Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі) мен негізгі пәндер бойынша білім алдым. PhD бағдарламасы бойынша маған жоғары деңгейдегі курстарға қатысуға тура келді және мен НУ-да алған тәжірибемнің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізе алдым. Бұл тәжірибе маған шын мәнінде көмектесті және мен ешқашан оқу бітіру емтихандары жайлы уайымдаған емеспін.
Мен Берклидегі Калифорния университетінде жазғы семестрде оқыдым, бұл мен үшін өте жақсы тәжірибе болды. PhD бағдарламасында оқып жүргенімде БКУ-да алған дағдыларымды қолдандым және олар маған аспирантураға түсуге көмектесті.
Соңында айтарым, НУ профессорларының көмегін атап өтпеуге болмайды, себебі олар өздерінің PhD оқу тәжірибелерімен бөлісті, менің мансаптық мақсаттарыма жетуім үшін маған өте көп ұсыным хаттар жазды.
Ғалия Мағазова,
2016 жылғы түлек, Химиялық инженерия