Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің мақсаты Назарбаев Университетінің Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы, инженерлерді оқытудағы жетекші ұйым болмақ. Мектеп жақсы ғалымдар, өнертапқыштар, менеджерлер мен мамандарды дайындауды мақсат етеді, сондықтан біздің түлектер химия, электротехника, машина жасау және құрылыс саласындағы жан-жақты кәсіби практикасы бар және нарық сұранысына дайын болады. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі инженерлерді оқытудың тұтас және толық тәсілдерін ұсыну арқылы Қазақстандағы өнеркәсіп секторының жетекші мамандарын дайындайды. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде Студенттік өмір көптеген қызықты оқиғаларға толы: дәрістер мен семинарлар және практикалық тапсырмалармен қатар, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде баға жетпес көптеген жобалар, конкурстар, көрмелер, өнеркәсіп нысандарына бару және студенттің тар аядан кең ойлауға, шығармашылыққа, нақты өндірісті жақсы түсіну мен пайдалы тәжірбие алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар ұйымдастырылады.
Біздің студенттер халықаралық инженерлік қауымдастығы ұйымдастыратын түрлі академиялық, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатысады.Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессорлары өздерінің білімі мен бай тәжірибесін біздің талантты студенттермен бөлісу үшін әлемнің әр түкпірінен жиналған. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттерді қабылдау талаптары өте қатал, сондықтан мұнда ең таңдаулы деген 1000-нан астам студент бар, олар ең қабілетті жастар болып табылады.
Өмір – бұл инженерия мектебіндегі таң-тамаша шытырман оқиғалар!
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде бізбен бірге болыңыз!
Engineers engine the world!
Инженерия дегеніміз не?
Инженерия – бұл проблемаларды шешу өнері болып табылады. Инженерия – ғылым мен техниканы біріктіру арқылы Жердегі өмір сүру сапасын табиғатпен үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып жақсарту. Біздің аспанымыз бұдан былай бізді шектей алмайды, сондықтан инженерияның мақсаты Жер бетіндегі әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Инженерия бізді қоршаған ортаны жақсарта түсу үшін ғылымның барлық салаларын қамтиды және адамзаттың өмір сүруі мен өркендеуінің жақсы стандартын ұсынады.
Шынында да инженерлердің басқа ғалымдардан ерекшелігі неде: ол қандай да бір дерексіз идеяларды тиімді және практикалық тәсілдер арқылы іске асыру қабілеті болып табылады.
Инженерлер қатаң әлеуметтік жауапкершілікті аңғара отырып жарқын болашақ үшін құрастырады және жақсартады. Инженер ретінде, сіз әрқашан қоғамға және ғаламшарға деген көмектің нақты нәтижелерін көре аласыз. Олардың қызметінің әсерін сезіну – өз жұмысын дұрыс істеу үшін арнайы адамгершілік міндеттеме артады. Мәселелерге шығармашылық шешімдер жасай отырып, инженерлер біздің әлемді үнемі өзгертеді. Инженерлер барлық жерде жоғары бағаланады, инженер бола отырып, сіз өз жұмысыңыздың оралымдылығынан ләззат алып, мәселелерді шешуге үлес қосып, мағыналы нәрселерді жасап және ғаламшардың жақсаруына үлес қоса аласыз, ешқашан жалықпайсыз!
Инженер бол!
Ізбасар емес, жасампаз бол!
**