Бағдарламалар

CHME457 Химиялық процестердің жетілдірілген қауіпсіздігі және тәуекелдерді модельдеу

Курстың сипаттамасы

Тәуекелді бағалау өсіп келе жатқан қиындықтарды шешу барысында кеңінен қолданылатындықтан, курс қауіпсіздіктің алдыңғы қатарлы тұжырымдамаларын, тәуекел тұжырымдамасын, тәуекелдің модельдеу мен симуляциясын, сондай-ақ тәуекел мен сенімділікті әзірлеу саласындағы соңғы жетістіктер туралы толық түсініктемелерді жеткізуге бағытталған. Курстың тағы бір маңызды мақсаты - қауіптер мен сенімділікті моделдеудегі белгісіздікті жақсы түсінуді қамтамасыз ету. Бұл курс сондай-ақ қауіпсіздікке әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылатын және инженерлердің назарынан жиі тыс қалатын, адамның сенімділігін бағалауға жақсы түсінік береді.

Курстың пререквизиттері: жоқ

Курстың оқыту нәтижелері

  1. Апаттар мен тәуекелдерді бағалау модельдеу.
  2. Адамның сенімділігін бағалауды модельдеу туралы білімін көрсету.
  3. Технологиялық қауіпсіздікті талдауды жүргізу.

Курстың мазмұны

Бұл курста студенттер: жазатайым оқиғалардың жіктелуі мен себептерін; қауіпсіздік және аварияларды моделдеуді; қауіпсіздік шараларын жобалауды, соның ішінде өндірістік нұсқаулар мен процесті бақылау және т.б.; адам факторын модельдеуді; ықтималдық модельдерді қоса алғанда, тәуекелдерді бағалау мен олардың басқарылуын; сенімділікті бағалау мен модельдеуді; белгісіздікті талдауды; өнеркәсіптегі апаттар кейстерін зерттеуге үйренетін болады.

 

2021 © School of Engineering and Digital Sciences